Мойынқұм таңы

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

0 13

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Мойынқұм ауданында жастар ара­сындағы қылмыстық құқық бұзу­шылықтың алдын алуға бағытталған кезекті кешкі рейд ұйымдастырылды. Бұл іс-шара аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, Мойынқұм медиа орталығы және Жастар ресурстық орталығының бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.

Рейд барысында кешкі және түнгі уақытта жұмыс істейтін дүкендер, ойын-сауық орындары мен кафелерге тексеріс жұмыстары жүргізіліп, құқықтық тү­сіндіру шаралары өтті. Аудан жастары мен кәсіп иелеріне заң талаптары мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ жас­өспірімдердің кешкі уақытта көшеде себепсіз жүруіне жол бермеу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қылмыстық ортадан аулақ болу қажеттілігі туралы мағлұматтар берілді.

Рейдтің басты мақсаты – жасөс­пірімдерді қылмыстық ортадан қорғау, олардың заңға бағынатын санасын қалыптастыру және қоғамда тәртіп пен жауапкершілік қағидатын орнықтыру. Жастарға заң талаптарын сақтау, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болмау қажеттілігі ес­кертіліп, дүкен иелеріне кәмелетке толмағандарға темекі мен алкоголь өнімдерін сатуға заңмен тыйым салынғаны тағы бір мәрте ескертілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай алдын алу шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Бұл қадамдар аудан жастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық­бұзушылық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді.