Мойынқұм таңы

Тұрғындар жаңа жобаға қолдау білдірді

0 4

Аудан әкімі Ермек Карентаевтың тө­ра­ғалығымен Қазақстан Респуб­ли­касының Конституциясының жаңа жо­басын түсіндіру мақсатында Биназар ауылы тұрғындарымен кездесу өтті.

Жиын барысында Конституция жо­басында ұсынылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндіктерін арттыру бағы­тындағы бастамалар түсіндірілді.

Аудан әкімі өз сөзінде Конституция – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын басты құжат екенін атап өтіп, әрбір тұрғынның жаңа өзгерістермен мұқият танысып, ел болашағына бейжай қарамай, белсенділік танытуының ма­ңыз­дылығын жеткізді.

–Жаңа Конституцияның әр бабы мен тармақтары арнайы комис­сияның талқысынан өтіп барып жа­зылып отыр. Бұл жерде қарапайым халықтың пікірі де ескерілді. Өзгерген баптардың баршасынан халыққа де­ген жанашырлықты, ел болашағына деген жауапкершілікті көруге болады. Сондықтан, сіздер сайлауға белсене қатысады деген сенімім зор, — деді аудан басшысы.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Жиын ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Сондай-ақ, аудан әкімі Ермек Амангелді­ұлы­ның қатысуымен Қа­зақстан Республикасының Конс­ти­ту­циясының жаңа жобасын түсіндіру мақсатында атал­ған ауылдағы Ораз Жандосов атын­­дағы орта мектеп ұжы­мымен кез­десу өтті. Кездесу ба­рысында Конс­титуция жобасында көз­делген негізгі өзгерістер мен толық­тырулар жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, аза­­­маттардың құ­қық­тары мен бостан­дықтарын қор­ғауды күшейту, мем­лекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қо­ғам­дағы әділдік пен заң үстемдігін қам­тамасыз ету бағытындағы бас­тамаларға тоқталды.

Аудан әкімі өз сөзінде Конституция – мемлекеттің басты құқықтық тірегі екенін атап өтіп, білім саласы қыз­меткерлерінің елдегі саяси-құқықтық реформаларға бейжай қарамай, қо­ғамдық пікір қалыптастыруда белсенді болуы маңызды екенін жеткізді.

Жиын барысында мектеп ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, пікір алмасу ұйым­дастырылды. Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтті.