Мойынқұм таңы

Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

0 26

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өткен аптада аудан әкімі Ермек Кәрентаев аудан тұрғындарын кезектілікке сәйкес жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген мойынқұмдықтар бірнеше мәселесімен, нақтырақ айтсақ, жайылым жерлерге ағын су жеткізу, тұрғын үй, жер және жеке басының құжаттарын заңдастыру бойынша жүгінді.

Аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы азаматтарды мұқият тыңдап, көтерілген жеке мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нақты жауап берді. Нәтижесінде тұрғындардың ұсыныстары назарға алынып, алдағы уақытта жауапты сала басшылары заң аясында жұмыс жасайтын болады.
Тұрғын үй беру бойынша заң аясында кезек тәртібімен берілетіні айтылып, баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізетінін жеткізді. Сонымен қатар Бірлік ауылынан келген қарияға жеке басының құжаттарын заңдастыру мәселесін шешу үшін тиісті азаматтармен ақылдаса отырып жұмыс жүргізілетіні айтылды.

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, тиісті бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.