Мойынқұм таңы

Ұранды елдің ұрпағы қайсар

0 66

9 мамыр күні — Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтіп жатыр. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі.

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуының 32 жылдығына байланысты, Мойынқұм ауданының орта білім беру ұйымдарының арасындағы «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты командалық аудандық жас сарбаздар арасында әскери байқауы өткізілді.

Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, бүгінгі күні жастардың патриоттық тәрбиесі, патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери, еңбек дәстүрлерін жалғастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға ауылдық жерлерден 10 команда қатысып, сайыстың 6 түрінен бақ сынасты. Сайыс түрлері арқан тарту, кермеге керілу, пневматикалық винтовкадан оқ ату, АК-74 қаруын бөлшектеп жинау және саптық элементтерді орындау.

Сайысқа қатысып жүлделі орын иеленген командалар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.