Өткен сенбіде ауданда Ұстаздар күні кең көлемде аталып өтті. Бұл мерекелік шара – саналы ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген білім саласының майталмандарына деген құрметтің айқын көрінісі болды. Салтанатты жиынға аудан әкімі Ермек Карентаев, мәслихат хатшысы, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының өкілдері, білім бөлімі мен мұғалімдер кәсіподағы басшылары қатысып, ұстаздарға жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Салтанатты жиында әр деңгейдегі марапаттар табысталды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Еңбек ардагері» медалі төмендегі ұстаздарға берілді:
– Оразалиева Мадина Қырғызәліқызы (Ақбақай ауылы, еңбек ардагері)
– Жұмашева Эльмира Әліханқызы (Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі).
Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Байжиева Раушан Сағаділдақызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен мына ұстаздар марапатталды:
–Кенжебекова Айгүл Әшімқызы (Абай атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі).
–Досаева Жанар Есенгелдіқызы (Шығанақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі).
–Саурықова Әлия Байұзаққызы (Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі).
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Құрмет грамотасы» мына ұстаздарға табысталды:
–Диханбаева Өріккүл Әлдибайқызы (Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының физика-математика пәнінің мұғалімі).
–Ибраимова Жанат Шалғымбайқызы (Мыңарал орта мектебінің директоры).
Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудегі елеулі еңбегі үшін Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталғандар:
–Серікбаева Ақиқат Райзақызы (Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары)
–Мұстафаева Назира Ізтайқызы (О.Жандосов атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары).
– Оспанбекова Тәжікүл Серікқызы (Шығанақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі).
Аудан әкімінің «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі Шығанақ орта мектебінің директоры Рахымбаева Әлия Сыздыққызына табысталды.
Сондай-ақ, Тұрар Рысқұлов атындағы тірек мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қарабекова Лаззат Қожакелдіқызы аудан әкімінің «Мойынқұм ауданына–60 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» төмендегі ұстаздарға берілді:
–Раметова Дана Досболқызы (Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі).
–Алдабергенова Айгүл Перменқызы («Балбөбек» бөбекжай бақшасының музыка жетекшісі).
– Нұрманова Қарақат Мақсұтханқызы (Балалар шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогы).
– Естаева Айшат Мырзағалиқызы (№1 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі).
–Сарсенбаева Гүлзария Кенжетайқызы (Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі).
– Дайырбекова Айдай Ержігітқызы (Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі).
Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған ұстаздар:
– Оразалиева Әсел Маханқызы (Жамбыл мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі).
– Жиеналиева Лаура Ниятбекқызы (Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі)
– Бекмағамбетова Панар Жарылқасынқызы («Қуаныш» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі).
– Көшкінбаева Индира Жанәділқызы («Ақбөпе» бөбекжай бақшасының музыка жетекшісі).
– Сарбасова Шынар Нұржаубайқызы (Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі).– Тарыбаева Айгерім Жеңісқызы («Құлыншақ» бөбекжай бақшасының музыка жетекшісі).– Майрықова Мөлдір Мұратқызы (Ақбақай негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі).
Салтанатты жиында аудан әкімі Ермек Карентаев, мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы, білім бөлімі және мұғалімдер кәсіподағы басшылары сөз сөйлеп, білім саласының дамуына сүбелі үлес қосқан ұстаздарды құттықтады. Ұстаздардың қажырлы еңбегін бағалау – елдің болашағына, жас ұрпаққа құрметтің белгісі екені айтылды.
Құттықтау сөздер мен марапаттау рәсімінен кейін концерттік бағдарлама ұсынылды. Аудан өнерпаздары мен мектеп оқушылары сахнада әуезді әндер шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл шара – ұстаз еңбегіне деген құрметтің айқын дәлелі болды. Бүгінгі қоғамда білім саласы ел дамуының басты тірегі саналады. Сол жолда аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымызға көрсетілген марапат пен қошемет – олардың еңбегінің лайықты бағаланғанының белгісі.