Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15-қаңтар күні «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заң және тәртіп –дамудың және әділеттіліктің кепілі!» тақырыбында семинар -тренинг өткізілді.
Кездесудің мақсаты: қатысушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеудің маңыздылығын түсіндіру және қоғамдағы тәртіп пен әділеттіліктің дамудағы рөлін ашып көрсету. Сонымен қатар, жастардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, заңға бағыну арқылы тұрақты әрі қауіпсіз қоғам құруға ықпал ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік сезімін арттыру көзделеді.
Семинар-тренинг барысында қатысушылар заң мен тәртіптің қоғам дамуы үшін маңызын терең түсініп, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Тренинг нәтижесінде қатысушылар өз құқықтары мен міндеттерін нақты ажырата отырып, заңға құрметпен қарау – әділетті және өркениетті қоғамның басты шарты екеніне көз жеткізді. Алынған білім мен тәжірибе күнделікті өмірде заңды сақтау, тәртіпті нығайту және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталды.