28 ақпан – Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күні. Осыған орай аудан орталығындағы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы ның ауласындағы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Ақынның 178 жылдығына арналған шараға аудан әкімі Әлихан Балқыбеков арнайы қатысып, жиналғандарға ақын бабамыз жайында бірер ауыз сөз айтып атаулы күнмен құттықтады. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев, ауданның төбе биі Жамбыл Қалыбаев, аудан әкімдігінің бірқатар бөлімдері мен мекемелерінің басшылары, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының ұжымы қатысты. Дала данагөйінің дүниеге келген күніне орай ауданның төбе биі Жамбыл Қалыбаев та құттықтау үшін сөз алып, ақын атаның ауданымыздың жерінде дүниеге келуі біз үшін мақтаныш екенін тілге тиек етті.
Содан кейін Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Сәкен Сағадин өзінің шығармашылығынан ақынға арнауын мәнеріне келтіріп оқыса, осы білім ордасының оқушылары Иманғали Амандық пен Жанасыл Жарылқасын ақынның «Бұл Абайдың суреті ме?», «Ленинградтық өренім» өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді.
Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы ғимаратының 1-қабаттағы фойесінде Мойынқұм ауылының балалар саз мектебінің мұғалімдері мен тәрбиеленушілері ұйымдастырған концерттік бағдарлама осынау күннің ажарын аша түсті.
Ақпарат
- Ауыл әкімдері таныстырылды
- Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады — Тоқаев
- Қазақстанның жаңа Парламентінде қанша депутат болады?
- Тоқаев Қазақстан Парламентіне жаңа атау ұсынды
- Қазақстанда мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады
- Инфрақұрылым, заң үстемдігі және адами капитал: Президенттің Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі
- Кезектен тыс конференция өтті
- Тағылымы– ұрпаққа үлгі
- Заң және тәртіп –дамудың және әділеттіліктің кепілі
Алдыңғы жазба
Келесі жазба