Аудан әкімі Ермек Карентаевтың төрағалығымен ҚР жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өтті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы бастамашы болған конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, басқару жүйесіндегі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған нормалар кеңінен түсіндірілді.
Аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы жаңа Конституция жобасының ел дамуы мен демократиялық қағидаттарды нығайтудағы маңызын атап өтіп, мәслихат депутаттарының жергілікті деңгейде халыққа түсіндіру жұмыстарындағы рөліне тоқталды.
Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, тараптар конституциялық реформаларды қолдап, алдағы уақытта түсіндіру жұмыстарын бірлесе жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді.