Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында аудан көлеміндегі білім беру ұйымдарында білім алушылармен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
Осы мақсатта «Өнер және қосымша білім беру» мектебінде оқушылар және ата-аналар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, ішкі тәртіп талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерінің қатысуымен оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында аудандық полиция бөлімі жергілікті қызметі криминалдық инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрлан Искаков қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптарын кеңінен түсіндіріп, орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағлұмат берді. Жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік заттарынан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында әңгіме жүргізді. Әсіресе, бопсалау сынды теріс әрекеттерге барудың аяғы жақсылыққа апармайтындығын баса айтты. Жамандыққа бармаудың жолы бос уақытты тиімді пайдалану екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, әлеуметтік педагог Жамила Дәулетбақованың баяндамасы тыңдалып, педагог-психолог Рита Касабекова тренинг сабақ жүргізді.
Жиында оқушыларға «Құқық бұзушылыққа, қылмысқа және кәмелетке толмағанға қарсы жасалған қылмысқа жол бермеу, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания мен нашақорлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында еркін форматта түсіндіру жұмысы жүргізіліп, бейне роликтер көрсетілді.
Бұл ұйымдастырылған кездесудің мақсаты – жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау болып табылды.
Кездесу барысында аталған мәселелер бойынша оқушылар сала мамандарына қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды.