Мойынқұм таңы

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу – маңызды міндет

0 8

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында түсіндіру кездесуі өтті.

Шараның негізгі мақсаты – жас­өс­пірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау­дың маңызын ұғындыру, құқық бұзу­шылықтың салдары туралы кеңінен ақ­парат беру және жастарды жауап­кер­шілікке тәрбиелеу.

Кездесуге бірқатар мекеме бас­шылары мен құзырлы органдардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, аудан әкімінің орынбасары Төлеулиев Мейірхан Берікұлы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Күнту Мәди Жәнібекұлы, аудан прокурорының орынбасары Темірғали Дәулет Лауратұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айнақұл Үсен Атақұлұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Мұқашев Мәлік Мұратәліұлы қатысып, жастарға тағылымды ой-пікірлерін білдірді.

Кездесу барысында спикерлер заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың борышы екенін атап өтіп, құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.

– Заң – мемлекет пен азамат ара­сындағы алтын көпір. Ал жастар – елдің ертеңі. Сондықтан заңды білу – әрбір жастың басты жауапкершілігі, – деді олар өз сөздерінде.

Сонымен қатар мамандар жас­өспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері, олардың салдары және одан сақтану жолдары төңірегінде нақты мысалдар келтіре отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу ашық форматта өтіп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақ­тарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты жауаптар алды. Бұл – жастардың құқықтық білімін арттыруға, заңға деген құрметін нығайтуға үлкен ықпал етті.

Шара соңында ұйымдастырушылар жастарды тәртіпті сақтауға, заңға ба­ғынып, өз болашағына жауап­кер­шілікпен қарауға шақырды. Осындай профилактикалық кездесулерді алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізу жос­парланып отыр.