Мойынқұм таңы

Жазғы демалыс қалай ұйымдастырылуда?

0 23

Өткен аптада аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіне төрт мәселе ұсынылып, комиссия мүшелерінің қарауына берілді. Отырысты аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Мейірхан Төлеулиев ашып, жүргізіп отырды.

Әр мәселені егжей-тегжейлі қараған комиссия мүшелері әр жәйтқа мұқият қарап, тиісті шешім шығарды. Отырыс барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев «Жаз мезгіліндегі мектеп оқушыларының қауіпсіздігі және олардың жазғы демалыс лагерьлерімен қамтылуы туралы» хабарлама жасады. Оның айтуынша 1-14 маусым аралығында 300 балаға тамақ ұйымдастырылуда. Іс-шаралар жоспары жасалынып, оған қамтылатын мектеп оқушыларының тізімі бекітілген. Аудан мектептеріндегі еңбек жасақтарында, аула клубының үйірмелеріне 50 оқушы, қызығушылығына қарай үйірмелерге 202 оқушы қамтылуда екен.

Комиссия отырысының жұмысын аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Мейірхан Төлеулиев қорытындылады.