Мойынқұм таңы

«Жер–2025» оқу-жаттығу өткізілді

0 14

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағ­дайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға одан әрі жетілдіру, сондай-ақ жойқын жер сілкінісі туындаған кезде азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын ТЖ жоюға дайындау мақсатында 2025 жылғы 23-24 шілде аралығында аудан орталығындағы Абылайхан алаңында республикалық командалық «Жер-2025» штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында ТЖ жою, күштер мен құралдарды дайындыққа келтіру, өзара іс-қимыл және хабарлау жөніндегі іс-қимыл жоспарларына, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құрамы туралы мәліметтерге түзету жүргізу, басқару пункттерінің, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің дайындығын тексеру, тартылатын күштер мен құралдардың оқу-жаттығуға қатысуын қамтамасыз етуге; оқу-жаттығуды дайындау және өткізу кезеңінде күштер мен құралдардың міндеттерді орындауға үнемі дайындықта болуына, басқару органдарының жұмысындағы үйлесімділікті арттыру мақсатында штабтық жаттығулар пысықталды.

Ауданның азаматтық қорғау қызметтері ағымдағы жылдың 23 шілдесі, сағат 10.00 де орталық алаңға сапқа тұрғызылды. Аудан әкімінің орынбасары Нурадинов Әлібек Нагыметуллаұлы азаматтық қорғау қызметтерінің қажетті құрал-жабдықтарын тексеріп, тиісті тапсырмалар жүктеді. Оқу-жаттығудың нұсқаулығы бойынша Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы мен аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратында жер сілкінісі мен халықты эвакуациялау оқу-жаттығуы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 24 шілдесі сағат 10.00 де Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде Мойынқұм ауданының 7 дана электросиреналар мен сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қосу арқылы «Баршаның назарына!» сигналы берілді. Ұзақтығы 2-3 минутты құрады.