Мойынқұм таңы

Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды

0 9

«AMANAT» партиясы аудан­дық филиа­лының кезектен тыс XLVIII (48) конференциясы өтті. Жиынға аудандық филиалдың саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты. Конференция жұмысына фракция мүшесі Нұртас Саурықов төрағалық етті.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифр­лық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер болды.

Бұл бағытта партия аудандық фи­лиалының Әйелдер қанатының төрайымы, фракция мүшесі Ғалия Шубаева және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынғали Аманов баяндама жасап, Жолдаудың елімізді дамытудағы ерекше маңызын атап өтті. Олар «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ре­тінде Жолдауды ауқымды реформалардың лайықты жалғасы әрі жүйелі жұмыстың негізгі бағдары деп бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, партияның аудан көлемінде атқарылып жатқан жобалары мен бастамаларына тоқталды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының XXXVI (36) конференциясына қатысатын делегаттар сайланды. Облыстық филиал бекіткен квотаға сәйкес Мойынқұм ауданынан 11 делегат таңдалды.

Конференция жұмысы ұйымшылдықпен өтіп, партия мүшелері Мемлекет басшысы айқындап берген міндеттерді жүзеге асыру жолында нақты жұмыстарды жалғастыруға дайын екендерін жеткізді.