Мойынқұм таңы

Жыл қорытындысы жоғары болуы тиіс

0 26

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Ермек Карентаевтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудан әкімдігінің бөлімдері мен оларға қарасты мекемелердің өкілдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.Күн тәртібінде «Жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуының және қаржының игерілуінің болжамы туралы», «Облыстық, жергілікті автомобиль жолдарын қысқы мезгілде күтіп ұстау туралы», «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорлары және бағалары туралы», «2024 жылдың желтоқсан айына жоспарланған іс-шараларға дайындық барысы туралы», «Ономастика жұмыстарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы», «Күзгі әскерге шақыру науқанының орындалу барысы туралы» мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті жауапты тұлғалар хабарлама жасап, аудан басшысы мен оның орын­басарлары тарапынан нақтылау сауалдары қойылды.

Содан кейін күн тәртібіндегі әртүрлі мәселелер бойынша аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дастан Аманқұлов 2025 жылға басылымдарға жазылу барысы жайында хабарлама жасап, басылымдарға жазылу қарқыны төмен екенін айтып, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді ұсынды.
Келесі кезекте «Мейірім» жобасының қазіргі таңдағы жағдайы сынға алынып, жоба бойынша өзіне жауапкершілік алған тұлғалардың белсенділігін арттыру ұсынылды.

Аппараттық кеңесті қорытындылаған аудан басшысы Ермек Амангелдіұлы қаралған мәселелер бойынша орынбасарлары мен бөлім басшыларына, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді.