Мойынқұм таңы

Жұмыс іздесең жәрмеңкеге кел

0 21

Осы аптада аудандық мәдениет үйінде аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандығы – мақтанышым» атты тақырыпта 16 мекемеден түскен 213 бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке өткізілді.

Жәрмеңкені «Мансап» орталығының директоры Бақыткүл Қалымбетова ашып, өт­кізіліп отырған шараның мақсаты мен мән-маңызына тоқталды. Арнайы тақтаға аудан көлемінде бос жұмыс орындарының тізімі ілінді. Соңғы жылдары аудан экономикасында орасан зор өзгерістер орын алуда. Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі және жұмыспен қамтылған халықтың тұрақты өсуі байқалады.

Жәрмеңке өткізудің мақсаты – жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал жасау. Бұл шараны жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасындағы алтын көпір деуге болады. Жәрмеңкеге аудандық прокуратураның прокуроры Диас Орынбеков, «Қазақ Майнинг компаниясы» ЖШС-і бас директорының орынбасары Серік Әділбек, осы серіктестіктің өндіріс жөніндегі директоры Қайым Еркінбек, пробация қызметінің басшысы Ахан Тналиев, №8 Мойынқұм колледжі директорының орынбасары Асқар Қуанышұлы, «АМАNАТ» партиясының өкілі Ернар Сағымбаев қатысып, жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шаралары бағытында көптеген кеңестер берді.

Жәрмеңке нәтижесінде «Қазақ Майнинг компаниясы ЖШС-нің өкілдері 27 азаматтың түйіндемесін алды. Гранит кесу, дайындау жұмыстары 1 сәуірден басталатындығы айтылды. Осы 22 жұмыссызға белсенді шараларға (жастар іс-тәжірибесі, қоғамдық, тұрақты жұ­мыстарға тұрақты жұмысқа 12 азаматқа жолдама берілді.

Сонымен қатар жәрмеңке барысында қажетті жұмыс орындарын таңдау, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға қатысу, өз кәсібін ашуда мемлекет тарапынан берілетін несие, аз қамтылған отбасыға берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңестер берілді.