Мойынқұм таңы

Алтын құрсақ аналар – елдің берекесі

0 16

2025 жылғы 16 маусымдағы №908 Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің шешімімен ау­да­нымыздан алты ана «Күміс алқа» мемлекеттік наградасына ие болды. Осыған орай аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Әлібек Нағыметуллаұлы Нұрадинов аналарды арнайы қабылдап, иықтарына ақ жаулық жауып, құрмет көрсетті.

Салтанатты сәтте Ә.Нұрадинов:
– Елдің ертеңі – бүгінгі ұрпақ. Ал сол ұрпақты тәрбиелеп, елге елеулі еңбек етіп отырған алтын құрсақ аналарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Сіздердің төккен терлеріңіз, аналық махаббаттарыңыз – ұлттың ұлы мұратына қызмет етіп жатыр,- дей келе, мемлекет тарапынан берілген «Күміс алқа» белгілерін табыстады.

Күміс алқамен марапатталған ана­лар: Аида Серікқызы Қасымбекова, Майра Маратқызы Төрекұлова, Іңкәр Сәкенқызы Оңлабекова, Света Болатқы­зы Балшықбаева, Керез Чолпон­бек­қызы Аширалиева және Арайлым Қалқабай­қызы Қасенова.

Марапаттау рәсімінен соң аналар Әлібек Нағыметулла­ұлымен естелік суретке түсіп, ақ тілектер мен алғыс­тарын жеткізді.