Мойынқұм таңы

Кезекті фракция отырысы өтті

0 15

«АMANAT» партиясы аудандық филиалының аудандық мәслихаттағы депутаттық фрак­циясының отырысы өтті. Жиынды фракция жетекшісі Манарбек Көшкімбаев жүргізді. Оған Саяси кеңес мүшелері, аудан әкімінің міндетін атқарушы Әлібек Нұрадинов, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және жергілікті меке­ме басшылары қатысты.

Отырыстың басында Әлібек Нұрадинов аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Орынбаевты Теміржолшылар күніне орай «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Күн тәртібінде «АMANAT» партиясының Мойынқұм ауданы бойынша сайлауалды бағ­дар­ламасының автомобиль жолдарын салу және күрделі жөндеу, интернет жүйесін дамыту, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту салаларына қатысты 2025 жылдың І жарты­жылдығына арналған көрсеткіштерінің орындалу барысы қаралды.

Бұл бағыттағы есепті аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас­шысы Бауыржан Төлегенов баяндады.

Фракция депутаттары ауыл ішіндегі жол­дарды жөндеу, жол жиегіндегі талдарды кесу, кешкі мезгілде қараусыз жүретін малдар, жол белгілерін орнату, ауыз су мәселесін шешу және интернет желісімен қамту көрсеткіштерінің орындалмау қаупіне байланысты бірқатар сындар мен ұсыныстарын жеткізді.