Мойынқұм таңы

Құрылыс сапасы мен заңдылықты бақылау: Жамбыл облысында 10 айда 182 млн теңгеден астам айыппұл салынды

0 7

Құрылыс сапасы мен заңдылықты бақылау: Жамбыл облысында 10 айда 182 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Бүгін, 09:01
Құрылыс сапасы мен заңдылықты бақылау: Жамбыл облысында 10 айда 182 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Жамбыл облысында құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету, нысандардың сапасын бақылау және заңсыз құрылыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылдың 10 айында Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 212 жоспардан тыс тексеру өткізіп, заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған шаралар қабылдады.

Есепті кезеңде облыс аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы 709 хабарлама тіркелді. Оның 300-і мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын жобалар болса, 409 нысан жеке қаражат пен инвестиция есебінен салынуда. Бұл өңірдегі құрылыс жұмыстарының қарқынын және инвестициялық белсенділікті көрсетеді.