8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков жұмыс күнін аудан әкімі аппаратында қызмет атқаратын қыз-келіншектердің басын қосып, атаулы мерекемен құттықтаумен бастады. Аудан басшысы нәзік жанды қызметтестеріне жылы лебізін білдіріп, гүл мен естелік сыйлықтар табыстады. Келесі кезекте Әлихан Әбіләшұлы аудандағы ардагер апалар бастаған бірқатар нәзік жандылар өкілін қабылдады. Мұнда да жиналғандарды құттықтап, ақжарма тілегін жеткізген аудан басшысы әйелдер қауымына өз қолымен гүл шоқтарын тарту етті.
Қабылдауда болғандардың ішінде аудан басшысын бастауыш сыныптарда оқытқан ұстазы Айтолқын Аманбекқызы апай да болды. Әлихан Әбіләшұлы ұстазына алғысы шексіз екенін жеткізіп, осындай дәрежеге жетуіме бірден-бір үлес қосушы ұстаздары екенін де атап өтті.
Жақсы көңіл-күйдің жалғасы ретінде аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінен құралған «Мойынқұм үштігінің» орындауындағы «Ана», «Бала ғашық» әндері қабылдаудың сәнін аша түсті.
Өз кезегінде аудан аналарының атынан Кәмшат Манабаева, Мәрия Спанова, Алданышкүл Салкеева, Гүлнар Қамысбекова апайлар көрсетіліп жатқан құрмет пен жылы лебіздер үшін аудан басшылығына алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Салтанатты жиыннан соң әкімдік ғимаратының алдында мерекелік естелік суреттерге түсті.
Ақпарат
- Бельгийские студенты проявили интерес к проекту «Читающая нация»
- Бельгиялық студенттер «Кітап оқитын ұлт» жобасына қызығушылық танытты
- РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ
- АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ
- ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
- 8:0 — СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА ТӨРТІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ САЛДЫ
- Білім, спорт, геология және ауыл медицинасы: жаңғыру бағытындағы нақты қадамдар
- Образование, спорт, геология и сельская медицина: конкретные шаги к обновлению
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ПЕН ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЗАБОТА О ПРИРОДЕ И ОБЩАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ
Алдыңғы жазба
Келесі жазба