Үстіміздегі жылдың 4 наурызында Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Сәдуақасовтың Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы атқарған жұмысы туралы және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы есебі өтті. Есеп беру-кездесуіне Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов, Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Әбіләшұлы Балқыбеков, мәслихат төрағасы Нұртас Саурықов пен мәслихат депутаттары, аудан прокуратурасының прокуроры, аудандық полиция бөлімінің бастығы, сайлау процесіне қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, ауылдық округ, ауыл әкімдері, жергілікті қауымдастық пен ардагерлер кеңесінің төрағалары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Кездесуге төрағалық еткен аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Калқаманұлына сөз берді. Ол, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы баяндады.
Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы аудандағы сайлаушылар, сайлау учаскелері және сайлаушылар тізімін өзектендіру, әр сайлаушының мәліметтеріне тұрғылықты мекенжай кодтарын енгізу жұмыстары бойынша баяндама жасады.
Жиын барысында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы аумақтық сайлау комиссияларының құрамы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына енгізілген өзгерістердің негізінде ҚР Орталық сайлау комиссиясымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес жасақталғанын, қазіргі таңда осы жаңадан сайланған комиссия мүшелерінің кәсіби денгейін арттыру мақсатында кезеңдік оқытулар, семинар-тренингтер, іскерлік ойындар және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылып жатқандығын жеткізді.
Сайлаудың заң талаптарына сәйкес өтуіне және оның ашықтығын қамтамасыз етуге әртүрлі тараптардан қатысатын байқаушылардың рөлі үлкен екендігін де тілге тиек етті. №483 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Төлмахан Салкеев және №319 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Данияр Кенжебаев сұрақ қойып, оларға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов толық жауап берді.
Кездесуге шақырылған ауданның төбе биі Жамбыл Қалыбаев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкеловке, заманауи сайлау жүйесі мен еліміздің қоғамдық-саяси өмірін дамытуға қосқан елеулі үлесіңіз, сондай-ақ сайлау науқандарын ұйымдастыру және өткізу кезінде жоғары белсенділік танытқаныңыз үшін алғысын білдірді.
Жиын соңында сайлау науқандарын ұйымдастыру және өткізу кезеңінде жоғары белсенділік танытқан комиссия мүшелері Данияр Кенжебаев пен Зауре Мауленова облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ақпарат
- Главные события III съезда партии «Әділет»
- «Әділет» партиясының III съезінің басты оқиғалары
- Конституционный Суд разъяснил порядок применения норм новой Конституции при назначении и избрании ряда должностных лиц
- Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді
- Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді
- Глава государства провел 38-е пленарное заседание Совета иностранных инвесторов
- Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты
- Глава государства указал, что мир вступил в новую эпоху технологической трансформации
- В Жамбылской области ведутся работы по реконструкции и ремонту 91 оросительного канала
- Жамбыл облысында 91 суару каналында қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Алдыңғы жазба
Келесі жазба