Аудан әкімі Әлихан Балқыбеков 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың ізбасары, КСРО одағының депутаты болған, Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы, бүгінде 83 жастан асып отырған Айдарлы ауылының тұрғыны Күлзада Тілеубаеваның үйіне арнайы барып қайтты. Ардақты ананы бүгінгі мерекесімен құттықтаған аудан басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің Алғыс хатын табыс етіп, ақжарма тілегін жеткізді. Бүгінде 6 бала өсіріп, немере- шөберелерінің ортасында марқайып отырған Күлзада апамыз облыс басшысына өз ризашылығын білдіріп, елімізге бейбіт өмір тілейтінін айтып, ақ батасын берді.
Ауданда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты іс-шаралар жалғасын тапты. Атап айтсақ аудан әкімі Әлихан Балқыбеков мереке қарсаңында аудандағы көп балалы аналарды, ақ жаулықты әжелеріміздің шаңырағына арнайы барып құттықтап, құрмет көрсетті.
Жамбыл ауылының тұрғыны, отбасында 5 ұл тәрбиелеп, ұлдарынан 13 немере, 16 шөбере сүйіп отырған Тұраркүл Қалисаева мен Мойынқұм ауылының тұрғыны 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп олардан 11 немере, 26 шөбере сүйіп отырған ақ жаулықты Күлшім Піспекбаеваның отбасына барып гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтар тапсырды.
Аудан басшысы шын мәнінде әулетінің ғана емес, тұтас еліміздің алтын қазығы, береке-бірліктің ұйытқысы болып отырған осындай аналарымызға ізгі ниетті тілектерін білдірді.
Өз кезегінде аналар да аудан басшылығына алғыстарын білдіріп, жалпы нәзік жандыларды мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Ақпарат
- Бес ауыл аналарының шаттығы
- Астанадан үлкен әсермен оралдық
- Жастар таңдауы – Жаңа Конституцияның берік негізі
- Тоқаев: Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегін ұмытпауымыз керек
- Референдум – халық таңдауы: жаңа Конституция ел болашағын айқындайды
- 12 мың ұсыныс – халық үні: Жаңа Конституция Қазақстанның болашақ дамуының берік тұғыры
- Референдум: жаңа конституциялық үлгіге көшу – саяси жүйені жаңғыртудың маңызды қадамы
- Референдумда дауыс беру учаскесін ЖСН арқылы білуге болады
- Референдумда дауыс беру — азаматтық міндетіміз
- Әрбір дауыс маңызды
Алдыңғы жазба
Келесі жазба