Аудан әкімі Әлихан Балқыбеков 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың ізбасары, КСРО одағының депутаты болған, Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы, бүгінде 83 жастан асып отырған Айдарлы ауылының тұрғыны Күлзада Тілеубаеваның үйіне арнайы барып қайтты. Ардақты ананы бүгінгі мерекесімен құттықтаған аудан басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің Алғыс хатын табыс етіп, ақжарма тілегін жеткізді. Бүгінде 6 бала өсіріп, немере- шөберелерінің ортасында марқайып отырған Күлзада апамыз облыс басшысына өз ризашылығын білдіріп, елімізге бейбіт өмір тілейтінін айтып, ақ батасын берді.
Ауданда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты іс-шаралар жалғасын тапты. Атап айтсақ аудан әкімі Әлихан Балқыбеков мереке қарсаңында аудандағы көп балалы аналарды, ақ жаулықты әжелеріміздің шаңырағына арнайы барып құттықтап, құрмет көрсетті.
Жамбыл ауылының тұрғыны, отбасында 5 ұл тәрбиелеп, ұлдарынан 13 немере, 16 шөбере сүйіп отырған Тұраркүл Қалисаева мен Мойынқұм ауылының тұрғыны 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп олардан 11 немере, 26 шөбере сүйіп отырған ақ жаулықты Күлшім Піспекбаеваның отбасына барып гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтар тапсырды.
Аудан басшысы шын мәнінде әулетінің ғана емес, тұтас еліміздің алтын қазығы, береке-бірліктің ұйытқысы болып отырған осындай аналарымызға ізгі ниетті тілектерін білдірді.
Өз кезегінде аналар да аудан басшылығына алғыстарын білдіріп, жалпы нәзік жандыларды мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Ақпарат
- Бельгийские студенты проявили интерес к проекту «Читающая нация»
- Бельгиялық студенттер «Кітап оқитын ұлт» жобасына қызығушылық танытты
- РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ
- АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ
- ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
- 8:0 — СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА ТӨРТІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ САЛДЫ
- Білім, спорт, геология және ауыл медицинасы: жаңғыру бағытындағы нақты қадамдар
- Образование, спорт, геология и сельская медицина: конкретные шаги к обновлению
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ПЕН ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЗАБОТА О ПРИРОДЕ И ОБЩАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ
Алдыңғы жазба
Келесі жазба