1966 жылдың 13 наурызы күні, 1986 жылы дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасының батыры, есімі ел тарихында алтын әріптермен жазылған, ел үшін туған ер, Халық қаһарманы – Қайрат Рысқұлбековтің туған күні. Бүгінде көзі тірі болғанда 58 жасқа толар еді. Осы орайда аудан орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта орналасқан батырдың бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Рәсімге аудан әкімі Әлихан Балқыбеков арнайы қатысты.
Алдымен Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековтің бюстіне гүл шоқтарын қою рәсіміне кезек берілді.
Одан соң аудан әкімі Балқыбеков Әлихан Әбіләшұлы еске алу жиынына арнап сөз сөйледі.
-Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Қайрат Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталып, оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Халық қаһарманы бүгінде көзі тірі болғанда 58 жасқа толар еді. «Ер есімі ел есінен кетпейді» — демекші, Қайрат Ноғайбайұлының ерлігіне әр уақытта бас иіп, тағзым етеміз. Елімізге тыныштық, әр жанұяға бірлік пен ынтымақ тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын,- деді аудан басшысы.
Қазақ жастарының рухын асқақтатып, халқымыздың намысының үлгісін көрсетіп кеткен Қайрат Рысқұлбековтің есімі өшпейтіндей еліміздің барлық өңірінде мектеп, саябақ, көшелер мен ескерткіштер бой көтерген. Ал, оның ерлігі мен сойылдай сойып түсер сөздері ұрпақ тәрбиесінде зор рөл атқаруда. Халқымыздың намысын мойындатып кеткен оғлан ұл туралы осыған дейін талай рет айтылған, айтыла да бермек.
Сонымен қатар, салтанатты рәсімге аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, аудан әкімдігі бөлімдері мен мекеме басшылары, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұл мен ауданымыздағы бірқатар желтоқсаншылар қатысты.
Жиын соңында Биназар ауылдық мешітінің молдасы Қуаныш Есқараев Қайрат Рысқұлбековтің рухына арнап, құран бағыштады.
Ақпарат
- Бельгийские студенты проявили интерес к проекту «Читающая нация»
- Бельгиялық студенттер «Кітап оқитын ұлт» жобасына қызығушылық танытты
- РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ
- АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ
- ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
- 8:0 — СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА ТӨРТІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ САЛДЫ
- Білім, спорт, геология және ауыл медицинасы: жаңғыру бағытындағы нақты қадамдар
- Образование, спорт, геология и сельская медицина: конкретные шаги к обновлению
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ПЕН ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЗАБОТА О ПРИРОДЕ И ОБЩАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ
Келесі жазба