Өткен аптада Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаменті және Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасы басшыларының және «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізуші құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен сібір жарасының алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға спикерлер ретінде Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің бөлім басшысы Күмісбек Рахимов, Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының бас маманы Лесбек Тойбеков және Жамбыл облысы жұқпалы ауруханасының инфекционист дәрігері Талғат Шымырбаев, «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізуші құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалының аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі Ақмарал Жарылқасыновалар қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов семинар сабақты ашып, сөз кезегін Жамбыл облысы жұқпалы ауруханасының инфекционист дәрігері Талғат Шымырбаевқа берді.
–КҚГҚ — жедел инфекциялык, аса қауіпті ауру, жоғарғы қызбамен, геморрагиялық белгілерімен және петехиальді бөртпе, қанталаулар, қан-кетулер (мұрыннан, жатырдан, асқазан –ішек жолынан, қызыл иектен– т. б) және тромбоцитопениямен сипатталатын ауру. Қоздырғышы – РНК-лы вирус, туыстастығы – Nairovirus, тұқымдастығы – Bunyaviridae, Nairovirus туыстастығының 7 түрі белгілі, барлығы иксодты және аргастық кене шаққанда беріледі. Жұғу жолы: трансмиссивті (кене шағуы) тері арқылы, контактілі (кене қанымен, науқас қанымен) тері арқылы және көз шырышы арқылы, аэрогенді-аэрозоль (көз шырышы арқылы, тыныс алу жүйесі арқылы). Науқас қаны арқылы, адамнан адамға жылдам жұғады. Тек адамдарда ҚҚБ вирусы манифестік, жиі ауыр түрде өтеді, ал жануарларда симптомсыз түрде өтеді, — деді ол.
Келесі сөз кезегі «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізуші құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалының аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі Ақмарал Жарылқасыноваға ұсынылды.
–Зертхана өз жұмысын ҚР ДСМ орталық режимдік комиссиясының 2-3 топтағы қоздырғыштармен жұмыс істеу рұқсаты негізінде атқаруда. Сынамалар қою ИФА және ПЦР тәсілдерімен жүзеге асырылады. Иммуноферменттік анықтау әдісі Аг/Ат немесе Аг/Ат комплексі (талдау ұзақтығы 4, 5 сағат). Полимераздық тізбектеу реакция әдісімен генетикалық зерттеулер – нақты уақыттағы кезекті ампфликациямен КҚГҚ-ң РНК вирусын бөлу (талдау ұзақтығы 5 сағат).
Шынтақ тамырдан алынған қандардың нұсқамалары сақталынуы — t 22-24 ˚С – 2-сағаттан артық емес, t 4-8 ˚ С – 24- сағаттан артық емес. Содан кейін нұсқамаларды тексеру жүргізу үшін зертханаға жіберу қажет. Егер қанның нұсқамалары зертханаға 24 сағаттың ішінде жіберілмесе жіберу алдында қанның сарысуы бөлек алынып барып жіберілуі қажеттігін айтты.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің бөлім басшысы Күмісбек Рахимов Жамбыл облысының аумағындағы аса қауіпті жұқпалы аурулардың (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, Сібір жарасының) эпидемиологиялық жағдайы 2024 жылғы болжамы және алдын-алу іс-шаралары бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының бас маманы Лесбек Тойбеков – «Аудан, ауыл округі әкімдігі тарапынан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру және атқарылатын іс-шаралар» туралы баяндама оқыды.
Семинар соңында спикерлердің баяндамалары талқыланып, қатысушылар пікір алмасты. Қатысушылардың спикерлерге қойған сұрақтарына жауап берілді. Аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов аудан бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтып өтті.
Ақпарат
- Бельгийские студенты проявили интерес к проекту «Читающая нация»
- Бельгиялық студенттер «Кітап оқитын ұлт» жобасына қызығушылық танытты
- РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ
- АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ
- ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
- 8:0 — СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА ТӨРТІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ САЛДЫ
- Білім, спорт, геология және ауыл медицинасы: жаңғыру бағытындағы нақты қадамдар
- Образование, спорт, геология и сельская медицина: конкретные шаги к обновлению
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ПЕН ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЗАБОТА О ПРИРОДЕ И ОБЩАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ
Келесі жазба