Өткен жұма күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.Қабылдауға аудан орталығынан, Қарабөгет және Бірлік ауылдарынан бірнеше азамат келіп, көкейкесті мәселелерін айтты. Атап айтқанда, аудан тұрғындары жер телімін заңдастыру, тұрғын үйге жөндеу жұмысын жүргізу, кезекке тұру сынды мәселелерді көтерді.
Аудан басшысы азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
Қабылдауда аудан басшысы Әлихан Әбіләшұлы өткен жылдың қыркүйек айында ашылған психологиялық көмек көрсету бөлмесінің қызметкерлерін қабылдап, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті дамытуды тапсырып, әрбір игі бастамаларына қолдау білдіретінін айтты.
Ақпарат
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғам дамуының кепілі
- Ардагерге құрмет – ұрпаққа өнеге
- Тыл ардагерлеріне мерекелік медаль тапсырды
- Мәселелер шешімін табады
- Ақсүйек – тарихы терең, болашағы нық ауыл
- Саяси менеджменттің жаңа деңгейі қалыптасты
- Еңбегі сіңген азаматтардың есімдері ұмытылмайды
- Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
- Орталық Азия елдері мен ДДСҰ Арал өңірінің денсаулығы мен экологиясына қатысты бірлескен құжатқа қол қойды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді
Алдыңғы жазба
Келесі жазба