Аудан әкімі Әлихан Балқыбеков көпбалалы, алтын құрсақты аналарды қабылдады. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ел демографиясына үлес қосқан көпбалалы аналарға Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы №439 Жарлығына сәйкес «Күміс алқа» наградаларын табыс етті.Өз шаңырағының ұйытқысы, берекесі болып отырған, халық санын көбейтуде ерекше үлес қосқаны үшін Мыңарал ауылынан Зәуре Түкпетова, Шығанақ ауылынан Оксана Шушакова, Хантау ауылынан Әлия Маткалықова, Бірлік ауылынан Айнұр Шалкинбекова, Мыңарал ауылынан Балсая Козова және Мойынқұм ауылынан Мақпал Сейсебаеваға наградалар табыс етіліп, иықтарына ақ жаулық жабылды.
Марапаттау сәтінде аудан басшысы Әлихан Әбіләшұлы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ананың рөлі ерекше екенін тілге тиек етіп, балаларын елдің қызметіне лайықты азамат ретінде тәрбиелеген жандар – барлық мақтауға лайық екенін атап өтті. Сонымен қатар мемлекет алдында елдің демографиялық өсуіне үлкен үлес қосқан аналарға алғысы шексіз екенін жеткізіп, келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
Өз кезегінде аналар да өздерін елеп-ескергені, айтқан жылы лебіздері үшін аудан басшылығына алғыстарын білдірді. Жиын соңында көпбалалы аналар аудан әкімімен естелік суреттерге түсті.
Аяулы аналар сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз. Өсіріп отырған балапандарыңыздың қызығын көріңіздер.
Ақпарат
- Бельгийские студенты проявили интерес к проекту «Читающая нация»
- Бельгиялық студенттер «Кітап оқитын ұлт» жобасына қызығушылық танытты
- РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ
- АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ
- ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
- 8:0 — СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА ТӨРТІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ САЛДЫ
- Білім, спорт, геология және ауыл медицинасы: жаңғыру бағытындағы нақты қадамдар
- Образование, спорт, геология и сельская медицина: конкретные шаги к обновлению
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ПЕН ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
- ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЗАБОТА О ПРИРОДЕ И ОБЩАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ
Алдыңғы жазба
Келесі жазба