Үстіміздегі жылдың 5 наурызында Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауданның қыз-келіншектері арасында волейболдан аудандық біріншілік өтті.Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне арнайы қатынасқан аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев нәзік жанды спортшыларымызды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Жарысқа тоғыз команда қатысты. Атап айтсақ Құмөзек, Қылышбай, Күшаман, Айдарлы, Хантау, Шығанақ ауылдары және аудандық орталық аурухана, Экологиялық орталық, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінен келген командалары бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Күшаман ауылынан келген Амангелді орта мектебі I орын, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің командасы II орын, аудандық орталық аурухананың қыздары III орынға ие болды.
Жүлделі орындарға ие болған командалар бағалы сыйлықтармен және марапат қағаздарымен марапатталды.
Ақпарат
- Атқарылған жұмыс та, алдағы жоспар да ауқымды
- Әлеуметтік жобалардың орындалу барысы депутаттар назарында
- Бюджетке өзгеріс енгізілді
- Касым-Жомарт Токаев и Антониу Кошта выступили с совместным заявлением
- Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта бірлескен мәлімдеме жасады
- По словам Антониу Кошты, партнерство Европейского Союза и Казахстана приносит конкретные результаты
- Антониу Кошта Еуропа Одағы мен Қазақстанның серіктестігі нақты нәтиже беріп отырғанына назар аударды
- Европейский Союз и Казахстан: Превращая общие вызовы в общие возможности
- Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді
- Телеканалы «Qazaqstan» и «Qazsport» покажут бой Жанибека Алимханулы в прямом эфире
Алдыңғы жазба
Келесі жазба