Мойынқұм таңы

Саяси менеджменттің жаңа деңгейі қалыптасты

0 15

Өткен аптада Жамбыл облысында «AMANAT» партиясы бастамасымен және Саяси менеджмент академиясы қолдауымен ұйымдастырылған «AMANAT: Үздік партияға – үздік кадрлар» атты модульдік оқыту семинары табысты аяқталды. Үш күнге созылған бұл ауқымды білім беру бағдарламасы партиялық активтің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Семинар жұмысына облыстық, қа­лалық және аудандық мәслихат депу­таттары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, аумақтық партия қызмет­керлері қатысты. Аталған модульдік оқы­туға ауданымыздан аудандық мәслихат депутаттары Бақыт Серібаев, Нұрбай Шиенов, ауылдық округ әкімдері Руслан Мұсатаев, Ардақ Исабеков, бастауыш пар­тия ұйымдарының жетекшілері Сұлтан Таласов, Уалихан Жолдасов, Гүлжанат Манашевалар және аудандық партия филиа­лының қызметкерлері қатысты. Бұл – өңірдегі басқарушылық буын өкілдерінің бір мақсатқа тоғысып, заманауи саяси менеджменттің тиімді құралдарын мең­геруге деген ұмтылысын көрсетеді.

Оқу бағдарламасы аясында қаты­сушылар көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріп, көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, бюджетті жос­парлау, салықтың түрлері және салық төлеу тәртібі, жобалық басқару негіздері мен халықпен тиімді коммуникация орнатудың практикалық тәсілдері кеңінен талқыланды. Теория мен тәжірибені ұш­тастырған формат қатысушыларға нақты кейстер арқылы білімдерін бекітуге мүм­кіндік берді.

Аталған семинардың басты ерекшелігі – оның практикалық бағыттылығы. Қа­тысу­шылар алған білімдерін тек теория жүзінде емес, өңірдегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуде қолдануға мүм­кіндік алды. Бұл өз кезегінде мем­лекеттік саясаттың жергілікті деңгейде тиімді жүзеге асуына ықпал етпек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Саяси менеджмент академиясы алдағы уақытта да осындай білім беру жобаларын жалғастырып, қоғам сұранысына жедел жауап бере алатын, білікті әрі бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға басымдық береді.

Жалпы, «Үздік партияға – үздік кадрлар» семинары Жамбыл өңірінде саяси мә­дениетті жаңғырту мен басқарушылық сапаны арттыру жолындағы маңызды қа­дам­дардың бірі ретінде бағаланып отыр.

Сондай-ақ семинар қатысушылары арасында тәжірибе алмасу алаңы қалып­тасып, түрлі деңгейдегі өкілдер өзара пікір бөлісіп, өңірлік мәселелерді ше­шудің тиімді тетіктерін бірлесіп қарас­тырды. Бұл өз кезегінде командалық жұмысты нығайтып, партияішілік өзара ықпалдастықты арттыруға серпін берді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай фор­маттағы оқыту бағдарламалары басқару сапасын жүйелі түрде жақсартуға және жергілікті деңгейде шешім қабылдау тиімділігін арттыруға нақты негіз қалайды.