Мойынқұм таңы

Білімнің шамын жаққан– кітапханашылармен мақтан

0 20

«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын қазына» демекші, көркем әдебиеті оқуға ұмтылған әр адамның жүрегі нұрлы болатыны анық. Осы орайда кітапты көп оқу жағынан мойынқұмдықтар да өзге аудандардан қалыспайды. Себебі, мұнда кітапхана ісі әрқашан жүйелі, кітапханашылар сапалы болған. Оны мойынқұмдықтар үлкен мақтанышпен айтады.

Кітапхана – қазыналы орда. Сол ор­даның шырағын сөндірмей, кітап қорын жүйелеп, оқырманға бағыт-бағдар бе­ретін – кітапханашы. Олар, тек кітап ұсынумен шектелмейді. Қазіргі заман кітапханашысы – ақпараттық тех­ноло­гияларды меңгерген, цифрлық ресурс­тармен жұмыс істейтін, мәдени іс-шаралар ұйымдастыратын жан-жақты маман. Ол кісілердің еңбегін қалай айтып, қалай мақтан етсек те артық емес. Мәселен, алдыңғы толқын кітапханашылар туралы Қазақстанның үздік кітапханашысы, өзі де ауданның кітапхана саласына еңбегін сіңірген Гүлсім Нарбаеваның әріптестері туралы естелігі өте әсерлі. «Кітап» атты, алтын қазынаны насихаттаудағы ізгі жандар жайлы, естеліктер әлі айтылар! Үмила Қапалбаева, Күлшат Нақыпбекқызы, Жайлаукүл Дүйсебаева, Асылкүл Оразымбаева, Дәметкен Қалиева, Пернекүл Мәуленқұлова, Базар­күл Шайырова, Гүлжаһан Әліқұ­лова, Гүлжаһан Исаева, Сейсекүл Көпбергенова, Әсем Есенбаева, Алмагүл Іптілдаева, Гүлсім Сейтжанова, Дәмеш Солтанқұлова, Анна Тәйтімова, Сәлима Исаева, кезінде-оқу залының мең­герушісі болып, кейін аудандық кітап­хананың, аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарған, ізденімпаз, еңбекқор Нұруман Ахметова туралы айту парызым деп білемін. Мына шеті, тоғыз жолдың торабы болған – Ұланбел, аудан орталығына жақын жерлер, тағы бір шеті – Ақбақай, басқа да өндірісті аймақтарға ізгілік нұрын шашқан жандар ғой. Үлкендерден, бүгінде Зүлфия әкпе Әбдімәжитова сексеннің сеңгірінде. Тараз қаласында тұрады. Аудандық балалар кітапханасын ұзақ жыл басқарды. Суреті облыстық кітапхананың Құрмет тақтасынан түспейтін. Көп оқитын. Ауданның Құрметті азаматы Гүлжаһан Рысқұлованың еңбегі де айтарлық. Алғаш кітапхананың бөлімдерінде еңбек етіп, кейін кітапхананы ширек ғасыр Дария Рысалдиева басқарды. Бүгінде зейнетке шығып, еліміздің астанасында, қалаларында, басқа ауылдарда тұрып жатқан Күнімкүл Қазиева, Зейнегүл Тоқанова әпкелер, Айша Садырқұлова, Зиякүл Есназарова, Бибігүл Сабанбаева, Мәуекүл Бекназарова, Аққанкүл Дүйсе­та­­ева, Наталья Гаевская, Шәйімкүл Құрым­баева, Мәриякүл Мергенбаева, Бақыт Исақова, Нұржан Жаманқұлова, Тама­ра Әлібекова, Алтынбике Сәбито­ва, Гүлзағира Тәйтімова, Айжан Малғажда­рова, Ғалия Елтүзерова, Жидегүл Кенже­ғұл­ова, Дариякүл Алыпбаева, Нұрбә­тіш Үсібжанова тағы басқалар. Ең­бек жолын, кітапханадан бастаған Әлия Қаратериева, Гүлнәр Молдабаева, Әлия Елтүзерова, Гүлбаршын Адамбаевалар да көп жыл еңбектенді.

Аудандық кітапхананы Ғалия Шубаева басқарып келеді. Оған да-10 жылдан асық уақыт болды. Әр заманның өз жаңалығы бар, кітапхана жаңа технологиямен жабдықталған. Аудандық кітапханадан: Сая Күлекеева, Гүлмира Исаева, Назира Бекенова, Фарида Төлегенова, Айман Байғожаева, Лаура Бейсенқұлова, Перизат Жүнісбекова, Меруерт Сұлтанова, Айгүл Рысбековаларды атауды жөн көрдім. Ауылдық кітапханаларда – Гүлнәр Әбдралина, Қанат Туешиева, Майса Сұлтанова, Нұршат Ахметжанова, Райгүл Смағұлова, Гүлмира Иманқұлова, Динара Ибраева, Арай Жаманқұлова, Дамира Әбдірахманова, Сандуғаш Сейсенбекова, Айман Дінәлиева, Жанар Өтепова, Назгүл Мұрсалы тағы басқа әріптестер еңбек етуде. Өзім 43 жыл аудандық кітапханада адал еңбек ете жүріп, қиындықтан да, қаталдықтан да, мейірімді жандардан да көп жақсылық көрдім деп айта аламын. Ширатты, шынықтырды, өмірді шын ұқтырды», -дейді ол.

Қазіргі таңда аудандық мәслихаттың депутаты Ғалия Шубаева аудандық кітапхананы іскерлікпен басқаруда. Сонымен қатар, еңбек өтілі өте жоғары кітапханашы мамандардың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Атап айтқанда, Айман Байғожаева 35 жыл, Сая Құлекеева 34 жыл, Лаура Бейсенқұлова 25 жыл кітапханаға адал еңбектерін сіңіріп келеді. Мойынқұмнан мыңдаған адамдардың білім көкжиегін кеңейтуіне олардың сіңірген еңбегі үлкен. Мойынқұмдықтар осындай адал мамандармен мақтанады.