«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын қазына» демекші, көркем әдебиеті оқуға ұмтылған әр адамның жүрегі нұрлы болатыны анық. Осы орайда кітапты көп оқу жағынан мойынқұмдықтар да өзге аудандардан қалыспайды. Себебі, мұнда кітапхана ісі әрқашан жүйелі, кітапханашылар сапалы болған. Оны мойынқұмдықтар үлкен мақтанышпен айтады.
Кітапхана – қазыналы орда. Сол орданың шырағын сөндірмей, кітап қорын жүйелеп, оқырманға бағыт-бағдар беретін – кітапханашы. Олар, тек кітап ұсынумен шектелмейді. Қазіргі заман кітапханашысы – ақпараттық технологияларды меңгерген, цифрлық ресурстармен жұмыс істейтін, мәдени іс-шаралар ұйымдастыратын жан-жақты маман. Ол кісілердің еңбегін қалай айтып, қалай мақтан етсек те артық емес. Мәселен, алдыңғы толқын кітапханашылар туралы Қазақстанның үздік кітапханашысы, өзі де ауданның кітапхана саласына еңбегін сіңірген Гүлсім Нарбаеваның әріптестері туралы естелігі өте әсерлі. «Кітап» атты, алтын қазынаны насихаттаудағы ізгі жандар жайлы, естеліктер әлі айтылар! Үмила Қапалбаева, Күлшат Нақыпбекқызы, Жайлаукүл Дүйсебаева, Асылкүл Оразымбаева, Дәметкен Қалиева, Пернекүл Мәуленқұлова, Базаркүл Шайырова, Гүлжаһан Әліқұлова, Гүлжаһан Исаева, Сейсекүл Көпбергенова, Әсем Есенбаева, Алмагүл Іптілдаева, Гүлсім Сейтжанова, Дәмеш Солтанқұлова, Анна Тәйтімова, Сәлима Исаева, кезінде-оқу залының меңгерушісі болып, кейін аудандық кітапхананың, аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарған, ізденімпаз, еңбекқор Нұруман Ахметова туралы айту парызым деп білемін. Мына шеті, тоғыз жолдың торабы болған – Ұланбел, аудан орталығына жақын жерлер, тағы бір шеті – Ақбақай, басқа да өндірісті аймақтарға ізгілік нұрын шашқан жандар ғой. Үлкендерден, бүгінде Зүлфия әкпе Әбдімәжитова сексеннің сеңгірінде. Тараз қаласында тұрады. Аудандық балалар кітапханасын ұзақ жыл басқарды. Суреті облыстық кітапхананың Құрмет тақтасынан түспейтін. Көп оқитын. Ауданның Құрметті азаматы Гүлжаһан Рысқұлованың еңбегі де айтарлық. Алғаш кітапхананың бөлімдерінде еңбек етіп, кейін кітапхананы ширек ғасыр Дария Рысалдиева басқарды. Бүгінде зейнетке шығып, еліміздің астанасында, қалаларында, басқа ауылдарда тұрып жатқан Күнімкүл Қазиева, Зейнегүл Тоқанова әпкелер, Айша Садырқұлова, Зиякүл Есназарова, Бибігүл Сабанбаева, Мәуекүл Бекназарова, Аққанкүл Дүйсетаева, Наталья Гаевская, Шәйімкүл Құрымбаева, Мәриякүл Мергенбаева, Бақыт Исақова, Нұржан Жаманқұлова, Тамара Әлібекова, Алтынбике Сәбитова, Гүлзағира Тәйтімова, Айжан Малғаждарова, Ғалия Елтүзерова, Жидегүл Кенжеғұлова, Дариякүл Алыпбаева, Нұрбәтіш Үсібжанова тағы басқалар. Еңбек жолын, кітапханадан бастаған Әлия Қаратериева, Гүлнәр Молдабаева, Әлия Елтүзерова, Гүлбаршын Адамбаевалар да көп жыл еңбектенді.
Аудандық кітапхананы Ғалия Шубаева басқарып келеді. Оған да-10 жылдан асық уақыт болды. Әр заманның өз жаңалығы бар, кітапхана жаңа технологиямен жабдықталған. Аудандық кітапханадан: Сая Күлекеева, Гүлмира Исаева, Назира Бекенова, Фарида Төлегенова, Айман Байғожаева, Лаура Бейсенқұлова, Перизат Жүнісбекова, Меруерт Сұлтанова, Айгүл Рысбековаларды атауды жөн көрдім. Ауылдық кітапханаларда – Гүлнәр Әбдралина, Қанат Туешиева, Майса Сұлтанова, Нұршат Ахметжанова, Райгүл Смағұлова, Гүлмира Иманқұлова, Динара Ибраева, Арай Жаманқұлова, Дамира Әбдірахманова, Сандуғаш Сейсенбекова, Айман Дінәлиева, Жанар Өтепова, Назгүл Мұрсалы тағы басқа әріптестер еңбек етуде. Өзім 43 жыл аудандық кітапханада адал еңбек ете жүріп, қиындықтан да, қаталдықтан да, мейірімді жандардан да көп жақсылық көрдім деп айта аламын. Ширатты, шынықтырды, өмірді шын ұқтырды», -дейді ол.
Қазіргі таңда аудандық мәслихаттың депутаты Ғалия Шубаева аудандық кітапхананы іскерлікпен басқаруда. Сонымен қатар, еңбек өтілі өте жоғары кітапханашы мамандардың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Атап айтқанда, Айман Байғожаева 35 жыл, Сая Құлекеева 34 жыл, Лаура Бейсенқұлова 25 жыл кітапханаға адал еңбектерін сіңіріп келеді. Мойынқұмнан мыңдаған адамдардың білім көкжиегін кеңейтуіне олардың сіңірген еңбегі үлкен. Мойынқұмдықтар осындай адал мамандармен мақтанады.