Мойынқұм таңы

Ауданымызда нәтижелі істер көп

0 2

Ауданымыздың әкімі Ермек Карентаев Өңірлік коммуникация қызметі баспасөз алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізді.

Аудан әкімі Ермек Карентаев бри­финг барысында өңірдің әлеуметтік-эко­номикалық даму көрсеткіштері, инфра­құрылымдық жобалардың жүзеге асы­­­­рылуы, ауыл тұрғындарының тұрмыс са­пасын жақсартуға бағытталған жұмыстар, инвестициялық жобалар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен баяндады.

Сонымен қатар, аудан аумағында атқарылып жатқан құрылыс, жол жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларындағы негізгі жетістіктерге тоқ­талып, жүзеге асырылып жатқан жо­балардың маңызын атап өтті. «Аудан аумағында тұрғындар тарапынан айтылған өзекті мәселелерге ерекше мән береміз. Ауыл халқы көтерген мәселелер кезең кезеңімен шешімін табуда. Алда да көптеген игі жоспарлардың жүзеге асуын назарға алып отырмыз. Нәтижесінде тұрғындарға қолайлы мүмкіндіктер пайда болады»,-деді аудан әкімі.

Баяндамадан кейін БАҚ өкілдері өз­дерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауданның даму перспективасы, инвестиция тарту, инфрақұрылымды жаңғырту, ба­лабақша, медицина саласы бойынша және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру ба­ғытындағы жұмыстарға қатысты нақты жауаптар алды.

Аудан әкімі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мен өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.